• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2025
  • Құлаққа суық тигенде не істеу керек?

    «Құлаққа суық тию» деген не?

    «Құлаққа суық тиіді» дегеніміз – адамның суық ауа, жел немесе азынаққа ұшырап, құлақтың сыртқы, ортаңғы немесе ішкі қабаттарының қабынуына себеп болатын жағдайы. Бұл күйде жағымсыз сезімдер, дискомфорт және ауырсыну байқалып, жиі отиттің — құлақ қабынуының — дамуына алып келеді.

    Құлақтың қабыну қаупін арттыратын факторлар

    Құлақ қабынуының қаупін арттыратын жағдайлар:

    • Суықта немесе желде бас киімсіз ұзақ уақыт жүру.
    • Құлаққа су кіріп, салқындағанда инфекцияның дамуы.
    • Су процедураларынан кейін құлақты жақсылап құрғатпау.
    • Әлсіреген иммунитет, бұл жағдайда ағза қабынуларға бейім келеді.
    • Аллергиялық реакцияларға бейімділік, бұл мұрын мен құлақтың шырышты қабығына әсер етіп, қабынуға алып келуі мүмкін.

    Құлаққа қайда суық тиюі мүмкін?

    Құлаққа суық тию келесі жағдайларда орын алуы мүмкін:

    • Сыртта қатты желде, әсіресе суық маусымда.
    • Көлікте терезе ашық болғанда немесе кондиционердің суық режимінде.
    • Сквозняк бар немесе кондиционер қосылып тұрған бөлмеде.
    • Ашық ауада суға түскеннен кейін, құлақтар желден немесе суықтан қорғалмаған болса.

    Ересектердегі құлақтың қабынуының белгілері

    Ересектердегі құлаққа суық тигендегі белгілер мыналарды қамтуы мүмкін:

    • Басты қозғалту кезінде күшейетін тамыр соққандай немесе сыздаған құлақтың ауырсыну.
    • Құлақтың бітелуі, бұл есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі мүмкін.
    • Құлақта қысым немесе толғандай сезім.
    • Қабыну күшейсе, температураның көтерілуі.
    • Инфекция дамыған жағдайда құлақтан бөлінділердің шығуы мүмкін.

    Балалардағы құлақтың қабынуының белгілері

    Бала сезімін түсіндіре алмайтын кезде мына белгілерге назар аудару керек:

    • Құлаққа тигенде немесе басты еңкейткенде мазасыздану немесе жылау.
    • Құлағын жиі уқалап, тартып тұру.
    • Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы.
    • Температураның көтерілуі және ашушаңдық.

    Құлаққа суық тигенде қандай дәрігерге қаралу керек?

    Егер құлағыңызға суық тиді деп күмәндансаңыз, ең дұрысы – оториноларингологқа (ЛОР дәрігерге) қаралу. Бұл маман қабынуды анықтап, қажетті емдеуді тағайындай алады. Егер мәселе балада болса, алдымен педиатрмен кеңесіп, кейін қажет болса ЛОР дәрігерге жүгінуге болады.

    Емдеу

    Емдеу қабынудың ауырлығына байланысты және әдетте мыналарды қамтиды:

    1. Ауырсынуды басатын дәрілер ауырсынуды жеңілдету үшін.

    2. Қабынуға қарсы тамшылар ісінуді азайтып, дискомфортты кетіруге көмектеседі.

    3. Бактериалды инфекция анықталған жағдайда антибиотиктер (тек дәрігер тағайындайды!!!).

    4. Физиотерапия процедуралары — мысалы, құрғақ жылу немесе УВЧ — қабынуды басуға көмектеседі (тек дәрігердің нұсқауы бойынша!!!).

    Маңызды: өзіндік емдеу асқынуларға алып келуі мүмкін, сондықтан емдеуді дәрігер таңдағаны дұрыс.

    Құлаққа суық тигенде мыналарды жасауға болмайды!!!

    • Дәрігердің тағайындауынсыз спирттік ерітінділер мен тамшыларды қолданбаңыз. Кейбір заттар күйікке немесе қабынудың өршуіне себеп болуы мүмкін.
    • Дәрігердің кеңесінсіз құлақты жылытуға болмайды, әсіресе іріңді процесс күдігі болса. Жылыту инфекцияның таралуына, тіпті қауіпті асқынуларға алып келуі мүмкін.
    • Құлақты тазалауға мақта таяқшаларын қолдану барабан жарғағына зақым келтіріп, қабынуды күшейтуі мүмкін.
    • Дәрігердің тағайындауынсыз антибиотиктерді қолданбаңыз. Антибиотиктерді өз бетімен қабылдау бактериялардың төзімділігін арттырып, асқынулар тудыруы мүмкін.
    • Симптомдарды олар өздігінен кетеді деген үмітпен елемеңіз, бұл асқынуларға алып келуі мүмкін.

    Қабыну белгілері байқала салысымен, дәрігерге қаралып, емдеуді ертерек бастаған жөн. Суықтан және азынақтан, әсіресе суық маусымда құлақты сақтаңыз!

    - - - - - - - - - - - - - 

    Жақсы дәрігерді қалай табуға болады?

    Қазіргі таңда жақсы дәрігерді іздеу үшін бүкіл интернетті ақтарудың, әртүрлі клиникалардың сайттарын жеке-жеке қарап шығудың қажеті жоқ. Себебі бүгінде арнайы дәрігерлер мен клиникаларды біріктіретін платформалар бар. Солардың бірі — TopDoc.kz.

    Бұл сайтта сіз:

    • әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер туралы толық ақпаратпен таныса аласыз;
    • олардың білімі, тәжірибесі, қайда жұмыс істегені, қандай ауруларды емдейтіні туралы оқи аласыз;
    • қабылдау бағасы мен орналасқан жерін қарап, өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз;
    • нақты пациенттердің пікірлері мен рейтингін салыстыра аласыз.

    TopDoc.kz арқылы дәрігер іздеу тез, қолжетімді және сенімді. Бір сайтта барлық маңызды ақпарат бірден қолжетімді. Енді сізге клиника сайттарын жеке қарап, тіркеу бөлімшесіне қайта-қайта қоңырау шалудың қажеті жоқ.

    TopDoc.kz ЛОР-дәрігерді іздеуде қалай көмектесе алады?

    Егер сізге ЛОР-дәрігері (отоларинголог) қажет болса, TopDoc.kz бұл іздеуді әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы, Алматы қаласында 60-тан астам ЛОР маманы тіркелген. Сіз оларды:

    • еңбек өтілі, рейтинг, пациенттердің пікірлері бойынша салыстыра аласыз;
    • онлайн өтінім қалдырып, ыңғайлы уақытқа жазыла аласыз;
    • егер сайтпен жұмыс істеу қиын болса, +7(707)2255009 қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы жазылуға болады — колл-орталық сізге көмектеседі.

    Барлығы сіз үшін ыңғайлы, жедел және түсінікті форматта жасалған.

    TopDoc.kz ұсынатын ЛОР-дәрігерлер (отоларингологтар)

    Ташимбетов Мырзали Хаифович — 24 жылдық тәжірибесі бар ересектер мен балаларға арналған ЛОР-хирург. Жаңа туған нәрестелерден бастап қабылдайды. Құлақ, мұрын және тамаққа қатысты барлық операция түрлерін жасайды.

    Ташимбетов Мырзали Хаифович
    24 года стажа работы, Лор/Отоларинголог
    4.8 Рейтинг
    120 отзывов
    24 года стажа работы
    Для детей и взрослых

    Ганиев Эип Ибрагимович — 5 жұлдыздық рейтингке ие ЛОР-дәрігер. 100-ден астам оң пікір алған. Құлақ, тамақ және мұрын қабынуын емдейді. Заманауи ЛОР-комбайн құрылғысын пайдаланады.

    Ганиев Эип Ибрагимович
    17 лет стажа работы, Лор/Отоларинголог
    5.0 Рейтинг
    104 отзыва
    17 лет стажа работы
    Для детей и взрослых

    Асильбекова Жанна Абдуманаповна — 31 жылдық тәжірибесі бар, білімді және тәжірибелі ересектер мен балаларға арналған ЛОР маманы. Ринит, отит, синусит, фарингит, аденоид, құлақ мүкістігі, ларингитті емдейді.

    Асильбекова Жанна Абдуманаповна
    31 год стажа работы, Лор/Отоларинголог
    4.9 Рейтинг
    129 отзывов
    31 год стажа работы
    Для детей и взрослых

    Хасанов Вазир Насырдинович — ересектер мен балаларға арналған отоларинголог, тәжірибесі — 15 жыл. Құлақ, тамақ, мұрын ауруларына байланысты амбулаториялық, стационарлық және хирургиялық ем жүргізеді.

    Хасанов Вазир Насырдинович
    15 лет стажа работы, Лор/Отоларинголог
    5.0 Рейтинг
    61 отзыв
    15 лет стажа работы
    Для детей и взрослых

    МАҢЫЗДЫ!

    TopDoc.kz сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.kz сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.