ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымдануы. Вирустар және бактериялармен шақырылады. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. Тұрғындардың барлық категориясы бұл аурумен жиі жылдың суық мезгілінде ауырады.
ЖРВИ мен ЖРА салыстырмалы түрде жеңіл ауру деп есептелінеді, бірақ нақты диагностикасы өте маңызды. Өйткені негізгі симптомдары (безгек, қызу, сырқырап ауыру, тұмау) қауіпті аурулар, мысалы аллергия, гепатит, ауыр жұқпалар туралы айғақтауы мүмкін. ЖРА симптомдары кезінде ауыр дерттің бар-жоғын анықтау үшін дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер немесе отоларингологқа қаралу қажет. Диагностикалық мақсатта жалпы қан талдауы, мұрын бөлінділері немесе қақырықтың бактериологиялық себіндісін жасау ұсынылады.
Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.
Симптомдарды жою мақсатында дене қызуын түсіретін препараттар, қабынуға қарсы спрей немесе тамаққа арналған мұз кәмпиттер, мұрынға тамшылар немесе спрейлер, аллергияға қарсы дәрілер, дәрумендер тағайындалады. Антибиотиктердің вирусты жұқпаға ешқандай әсер етпейтінін және жұқпадан кейінгі асқынулар кезінде ғана дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер немесе отоларингологпен тағайындалатынын есте сақтаған жөн.
Әр түрлі вирустар (риновирустар, аденовирустар; энтеровирустар), сонымен қатар бактериялар (пневмококк, стрептококк, менингококк, гемофильді таяқша) бұл аурудың себепшісі болуы мүмкін.
ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) (ОРВИ)– әсіресе суық кезеңдерде ең жиі кездесетін аурулардың бірі. Ауруды бәрі білгенімен, оның емдеу жолы туралы тұрақты мифтер бар. ЖРВИ-ды қалай емдемеу керектігін және қандай әдістер шынымен көмектесетінін келесі мақалада сілтеме арқылы оқыңыз:
ЖРВИ-ді (ОРВИ) қалай емдеген дұрыс: қателіктерден сақтанып, тиімді әдістерді таңдаймыз
Күзгі-қысқы кезеңдерде біз жиі суық тию мен тұмаудың айырмашылығын білуге тырысамыз. Себебі ЖРВИ мен тұмау – әртүрлі аурулар, оларды емдеу тәсілдері де өзгеше. Белгілерін дұрыс түсіну арқылы ауруды жылдам танып, уақытылы әрекет етуге болады. Енді осы дерттердің ерекшеліктерін түсініп, оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын қарастырып көрейік:
Тұмау мен ЖРВИ: айырмашылығы неде
- - - - - - - - - - - - - - - - -
Біздің сервис сізге көмектеседі!
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен дәрігердың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.