Клиника 2024 жылы құрылған, витилиго емдеуге мамандандырылған. Клиникада фототерапияны және витилигоның хирургиялық емдеу әдістерін қолдану бойынша Қазақстандағы пионер, эксперт-дәрігердің басқаруымен мамандар тобы жұмыс істейді. Дәрігердің тәжірибесі 2006 жылдан басталады, ал 2015 жылдан бастап — хирургиялық емдеу тәжірибесі. Осы жылдар ішінде 180-нен астам трансплантация жасалды, олар Қазақстанның өзінде ғана емес, сондай-ақ Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Германия сынды басқа елдердегі пациенттерге де орындалды. Клиникада трансплантацияның 4 түрі орындалады.
Клиникада «Пациенттерге арналған витилиго мектебі» жұмыс істейді, онда заманауи емдеу әдістері және медицина мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру шаралары ұйымдастырылады.
Витилигоны емдеуде соңғы ғылыми жетістіктер мен озық әдістер қолданылады, бұл емдеудің жоғары тиімділігін және ремиссияның ұзартылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, көптеген ауруларға кешенді емдеу жүргізіледі, олардың ішінде: псориаз, депигменттелген невустар, пигментация бұзылыстары, түрлі-түсті теміреткі, атопиялық дерматит және ошақтық алопеция.