• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2025
  • Жақсы эндокринолог табу жолдары

    Сіз өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін, бірақ мәселе бойынша қай дәрігерге жүгіну керектігін білмейсіз. Эндокриндік жүйеге әрқашан ерекше назар аудару қажет − ол ағзаның ең күрделі және аз зерттелген жүйелерінің бірі болып табылады. Ол зат алмасудан бастап репродуктивті функцияға дейінгі барлық дерлік процестерді басқаратын гормондардың бөлінуіне жауап береді. Бұл жүйенің жұмысындағы бұзылулар көбінесе басқа аурулардың астарына жасырынады − сондықтан дабылды сигналдарды дер кезінде байқап, эндокринологқа жүгіну маңызды.

    Бұл мақалада эндокринолог консультациясы кімге қажет, ол қандай ауруларды емдейді және оған сенім артуға болатын маманды қалай таңдау керектігі туралы айтылады.

    Гормоналды аурулар көбіне баяу және байқалмай дамиды, бірақ уақыт өте келе бедеулік, инсульт, инфаркт, күрделі диабет және остеопоротикалық сынықтар сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

    Эндокринологқа жазылуға тұрарлық симптомдар

    Бұл белгілердің көбін біз елемей, не стресс пен шаршауға жазып қоямыз. Алайда олар гормондық теңгерімсіздіктің алғашқы "белгілері" болуы мүмкін.

    Егер сізде келесі белгілер байқалса, эндокринологқа қаралыңыз:

    1. Салмақтың кенеттен немесе түсініксіз өзгеруі

    • қалыпты тамақтану кезінде салмақтың тез жоғалуы гипертиреозды көрсетуі мүмкін;
    • салмақтың, әсіресе іш және бет аймағында артуы гипотиреозбен, инсулинге төзімділікпен немесе бүйрек үсті бездерінің ауруларымен байланысты болуы мүмкін.

    2. Тұрақты шаршау, әлсіздік, апатия

    Егер ұйқыдан тұрғанда, ұйықтамағандай сезініп, тез шаршап, назар аудару қиын болса − қалқанша безі гормондары немесе кортизол деңгейін тексеруге себеп бар.

    3. Етеккір циклінің бұзылуы

    Кідірулер, тым мол немесе ауырсынулы етеккірлер, сондай-ақ олардың толық болмауы поликистозды аналық бездер, гипофиздің немесе қалқанша безінің жұмысындағы бұзылулардың белгілері болуы мүмкін.

    4. Қатты терлеу, ыстық немесе суық сезіну

    Егер басқаларға жылы кезде, сіз тоңып жатсаңыз немесе керісінше, еш себепсіз ыстықтан зардап шегіп жатсаңыз, бұл гормоналды теңгерімсіздікті көрсетуі мүмкін.

    5. Терінің құрғауы, тырнақ пен шаштың сынуы, шаштың түсуі

    Мұндай көріністер жиі гипотиреоз немесе белгілі бір гормондардың жетіспеушілігімен қатар жүреді.

    6. Жиі зәр шығару, шөлдеу, ауыздың құрғауы

    Бұл қант диабетінің классикалық белгілері. Мұндай белгілер пайда болған кезде қан глюкозасын талдаудан тезірек өткен маңызды.

    7. Безеу, майлы тері, әйелдерде қажетсіз шаш

    Андрогендердің (еркек жыныс гормондары) артық мөлшері тері мәселелерін және гирсутизмді (бет пен денеде еркек типіндегі шаштың өсуі) тудыруы мүмкін.

    8. Тез соққан жүрек, алаңдаушылық, ұйқысыздық

    Тиреоид гормондарының өндірісіндегі бұзылулар жүйке жүйесінің белсенділігін арттыруы мүмкін, бұл алаңдаушылық пен ұйқысыздық арқылы көрінеді.

    9. Белсіздік, жүкті болу қиындықтары

    Көптеген эндокриндік аурулар тікелей бала көтеру және бала тудыру қабілетіне әсер етеді. Жүктілікті жоспарлау кезінде эндокринологтың кеңесі қажет.

    10. Мойынның ұлғаюы, тамақта "түйін" сезіну, жұтудың қиындауы

    Бұл қалқанша безінің ұлғаюымен (зобтармен) немесе түйіндердің пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.

    Эндокринологқа жоспарлы бару: кімге және қашан?

    Тіпті айқын шағымдар болмаған жағдайда да эндокринологтың профилактикалық тексеруінен өту маңызды:

    • 35 жастан асқан әйелдерге − жылына бір рет (әсіресе, менопауза алдында немесе кезінде);
    • 40 жастан асқан еркектерге − тестостерон және метаболизм деңгейін қадағалау үшін;
    • жасөспірімдерге ерте немесе кеш жыныстық жетілу белгілері болғанда;
    • артық салмағы бар немесе қант диабеті мен қалқанша без ауруларына тұқым қуалаушылық бейімділігі бар адамдарға.

    Эндокринологқа қабылдауға қалай дайындалу керек?

    • Алдыңғы анализдердің және ультрадыбыстық зерттеулердің нәтижелерін (бар болса) өзіңізбен бірге алыңыз;
    • барлық симптомдар мен шағымдарды, тіпті олар елеусіз көрінсе де, еске түсіріп, жазыңыз;
    • дәрігердің тағайындауынсыз гормоналды препараттарды қабылдамаңыз;
    • гормондарға қан тапсыру үшін ашқарынға, таңертең барған жөн (егер қажет болса).

    Жақсы эндокринологты қалай таңдау керек?

    Жақсы эндокринолог − бұл жай ғана симптомдарға "гормондар" тағайындайтын адам емес. Бұл маман, ол терең талдау жасап, алғашқы себептерді іздеп, ұзақ мерзімді емдеу стратегиясын құра алатын адам. Таңдаған кезде маңыздылары мыналар:

    1. Білім және тәжірибе

    Дәрігердің қайда білім алғанын, біліктілігін арттырғанын, оның арнайы мамандығы бар ма (мысалы, диабетология, репродуктивті эндокринология, балалар эндокринологиясы) тексеріңіз. Дәрігер-эндокринологтың ультрадыбыстық диагностикада мамандануы, дәрігердің өзі қалқанша безін УДЗ арқылы тексеруі - сөзсіз артықшылық болады.

    2. Абырой

    Нағыз пікірлерді оқыңыз − әсіресе бұл дәрігерде ұзақ уақыт емделгендерден. Дәрігердің қабылдауы қалай өтетінін қадағалаңыз: ол сізді мұқият тыңдай ма, тағайындауларды түсіндіре ме, артық зерттеулерді тағайындай ма.

    3. Жеке байланыс

    Жақсы дәрігер диагноздармен қорқытпайды, керісінше жағдайды нәзік түсіндіреді. Ол "қалыппен" емдемейді, керісінше нақты науқасқа ұсыныстарды бейімдейді.

    4. Диагноз қоюда ашықтық

    Эндокринолог тек қажетті анализдерді тағайындап, олардың не үшін қажет екенін түсіндіруі керек. Егер сізге бірден қымбат анализдер немесе диагностикасыз "емдеу схемалары" ұсынылса, абай болыңыз.

    5. Заманауи тәсілдер

    Дәрігер жаңа зерттеулерді қадағалай ма? Дәлелді медицина мен халықаралық ұсыныстарды пайдалана ма?

    Жақсы эндокринологты қайдан іздеу керек?

    Кәсіби эндокринологты іздестіру барысында TopDoc қызметі сізге көмектеседі. Мұнда сіз әр түрлі қалалардан көптеген дәрігерлерді таба аласыз. Бізге сенім білдіре отырып, сіз жоғарыда аталған критерийлерді алдын ала бақылауға мүмкіндік аласыз, бұл сізге таңдаулы маманның жұмысы мен дағдыларының сапасын толық түсінуге көмектеседі. Барлық эндокринологтың профилін қарау мүмкіндігі бар, онда оның жұмыс өтілі, қабылдау уақыты, клиниканың орналасқан жері, қызметтердің құны туралы ақпарат бар.

    Біз сізге уақытты үнемдеуге көмектесеміз: сіз біздің колл-орталық арқылы немесе WhatsApp арқылы өтінім қалдыра аласыз +7(707)2255009, және біздің кеңесшілер өздері сізбен байланысады, тиісті маманды таңдайды және эндокринологқа қабылдауға жазып береді. Сонымен қатар, сіз әрбір дәрігердің рейтингімен және тек нақты пациенттер қалдыратын пікірлермен таныса аласыз.

    Сіздерге ең үздік 5 эндокринологты ұсынамыз:

    Зельцер Михаил Ефимович

    Қазақстанның ең танымал және атақты эндокринологтарының бірі, жаңа буын мамандарын тәрбиелеген. 68 жылдық жұмыс өтілі бар. Ғылым докторы, профессор, қалқанша без ауруларын емдеудің әзірлемелерінің авторы. 2019 жылы TopDoc.kz сервисінің клиенттерінің пікірлері бойынша «Жылдың үздік дәрігері» атанды.

    Михаил Ефимович 94 жаста екеніне қарамастан ересек пациенттер мен 7 жастан асқан балаларды консультациялық қабылдауды жалғастыруда.

    Доктор Зельцер шынында халықтың сүйіктісі, оған әлі күнге дейін бүкіл Қазақстаннан науқастар келеді. Оның пациенттерінің қатарында тұтас отбасылық әулеттер бар.

    Михаил Ефимовичтің қабылдауы дәрігердің құрметті жасына байланысты кейбір ерекшеліктермен жүреді, бұл туралы біздің Call-орталық операторлары сізге алдын ала кеңес береді.

    Зельцер Михаил Ефимович
    68 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    3 298 пікір
    68 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған

    Тлегенов Аскар Шындалыулы

    Эндокринолог, PhD, 21 жылдық жұмыс өтілі бар жоғарғы санатты дәрігер. Алматыда ересектер мен балаларды қабылдайды. Ресейде, Оңтүстік Кореяда және Жапонияда біліктілігін арттырған. Асқар Шындалыұлы өзі қалқанша безінің УДЗ зерттеуін және УДЗ бақылауымен қалқанша безінің жұқа инелі аспирациялық биопсиясын жүргізеді. 2023 жылғы шілде айында пациенттердің пікірлері бойынша үздік дәрігер атанды. Қазақстан эндокринолог-дәрігерлері қауымдастығы, Тынық мұхиттық тиреоидты хирургтар қауымдастығы, Қазақстан тиреоидология қауымдастығының (ҚТА) президенті сияқты ұйымдарда тұрады.

    Бірнеше маңызды гормондар жайлы доктор Тлегеновтың сұхбатын оқуды ұсынамыз:

    Эндокринолог Аскар Шындалыулы Тлегенов: "Гормондар неге маңызды?"

    Тлегенов Аскар Шындалыулы
    21 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    76 пікір
    21 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған

    Цой Нелля Александровна

    Жоғарғы санатты дәрігер, жұмыс өтілі - 42 жыл. Бірнеше рет Мәскеуде және Алматыда біліктілігін арттырған. Алматыда ересектер мен бес жастан асқан балаларды қабылдайды. Қоғамдық эндокринологиялық бағыттағы аурулардың диагностикасы және емдеуімен айналысады: қалқанша және қалқанша маңы бездерінің, бүйрек үсті бездерінің, гипоталамо-гипофизарлық жүйесінің патологиялары, қант диабеті.

    Дәрігер туралы 700-ге жуық оң пікір өздері айтып тұр. Науқастар Нелля Александровнаның тәжірибелі, білікті, мұқият дәрігер, өз ісінің маманы екенін атап өтеді.

    Цой Нелля Александровна
    42 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    720 пікір
    42 жыл жұмыс өтілі

    Петлюк Анна Леонидовна

    Анна Леонидқызы эндокринология саласындағы мамандығынан басқа, гастроэнтерология, диетология бойынша да маманданып, интегративті медицина дәрігері болып табылады.

    Дәрігер туралы 500-ден астам оң пікір бар, науқастардың 100%-ы осы дәрігерді ұсынады.

    Егер сіз Алматы қаласында болмасаңыз, Анна Леонидовнадан онлайн кеңес ала аласыз.

    2 типті қант диабетін алдын алудың Анна Леонидовнаның кеңестерімен танысуды ұсынамыз:

    Эндокринолог Анна Леонидовна Петлюк: 2-типті қант диабетінің қауіптілігі неде

    Петлюк Анна Леонидовна
    18 жыл жұмыс өтілі, Гастроэнтеролог, Диетолог, Интегративті медицина дәрігері, Терапевт, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    532 пікір
    18 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған
    Online консультация

    Нургалиева Сауле Толегеновна

    Дәрігер қант диабетімен ауыратын науқастарды емдейді, қант диабеті бар жүкті әйелдерге кеңес береді, жыныстық жетілу бұзылыстарымен айналысады. Сауле Төлегенқызы қалқанша безінің УЗИ-ін өзі жүргізеді. Инсулин помпаларын орнату және пациенттерді кейінгі бақылау жұмыстарын жүргізеді.

    Ересектер мен балалар эндокринологы ретінде қабылдайды.

    Нургалиева Сауле Толегеновна
    23 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    63 пікір
    23 жыл жұмыс өтілі
    Үйге шақырту
    Балалар мен ересектерге арналған

    Жоғарыда аталғандардан басқа, біздің базада жоғары рейтингке ие көптеген басқа эндокринологтар бар. Тек Алматы бойынша осы салада 50 маман бар.

    Атап өту керек: егер сізді өз қалаңыздан емес эндокринолог қабылдауы үшін қаласаңыз, біздің сервисіміз арқылы оған онлайн-консультацияға жазылуға мүмкіндігіңіз бар.